locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Футбол 27 нау 2025 14:46
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
ФОТО: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы күзде Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орталық Азия құрамалары арасындағы ойын қараша айында өтуі мүмкін. Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 15 қарашада Бельгиямен ойнаса, Өзбекстан 2025 жылдың маусымында іріктеу кезеңін аяқтайды. Және осы аралықта командалар бос датаға ие болады.

Қазақстан футбол федерациясы жолдастық ойын ұйымдастыру бойынша сәтті келіссөздер жүргізіп жатыр. Соңғы рет Қазақстан Өзбекстанмен 2022 жылы 6 қарашада Ташкентте кездескен. Ол ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Азия конфедерациясында ұлттық құрама әлем чемпионатына жолдама алатынын айтқан болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie