Қазақстан құрамасы толық құрамдағы Аустрияға қарсы матчқа дайындалуда
Қазақстан құрамасы Аустрияға қарсы Ұлттар Лигасының маңызды матчына дайындалуда. Роман Асранқұловтың жарақатына байланысты болмағанына қарамастан, алдағы ойынға дайындалуды қызу жүруде. Командаға соңғы болып, Абай Айымбетов пен Бақтиер Зайнудинов, сондай-ақ Артур Шушеначев келіп қосылды. Команда Аустрияда алғаш рет толық құрамда жаттығу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Аустрия- Қазақстан ойын 10 қазанда Линц қаласындағы “Райффайзен Арена” стадионында өтеді.
13 қазанда Қазақстан құрамасы Алматыда “Орталық” стадионда Словенияны қабылдайды. Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 басталады.
Ұлттық құрамаға алғаш рет “Қайрат” ойыншысы Андрей Ульшин шақырылғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, Сочи сапында ойнайтын Артур Шушеначев ұлттық құрамаға қайта оралып, “Елімай” мен “Атыраудың” өкілдері бар.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52