Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Ресей құрамасымен жолдастық матч өткізу мүмкіндігін түсіндірді.
Оның айтуынша, мұндай кездесудің қажеттілігі туралы шешімді Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қабылдауы керек. Тек осыдан кейін матчты ұйымдастыру туралы келіссөздер басталуы мүмкін.
“Біздің РФС-пен достық қарым-қатынасымыз бар. Шешім толықтай Станислав Черчесовке байланысты. Ол команданы жаңарту керек, сондықтан ойынға қажеттілік туралы өтінім беруі тиіс. Егер оған ойын қажет болса, біз келіссөздер жүргіземіз”, – деп келтіреді федерация басшысының сөзін “РИА Новости Спорт”.
Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айынан бастап, Ресей құрамалары мен клубтары ФИФА мен УЕФА шешімімен халықаралық турнирлерден шеттетілген.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35