Қазақстан құрамасы Президент Кубогіндегі алғашқы ойында жеңілді
Хоккейден Қазақстан құрамасы Президент Кубогындегі жорығын сәтсіз бастады. Олег Болякиннің шәкірттері Лададан 7-1 есебімен ойсырай жеңілді.
Лада мен Қазақстан құрамасы арасында ойын турнирдің шымылдырығын түрді. Кездесудің 4-ші минутында қонақтар есеп ашты, бірақ Роман Старченко есепті тез теңестірді. Дегенмен, үзіліске дейін ресейлік клуб Қазақстан қақпасына тағы екі шайба соғып үлгерді.
Екінші кезеңнен кейін есеп Ладаның пайдасына 5:1 болды. Үшінші кезеңнің басында Қазақстан қақпашысы Никита Бояркин тағы екі шайбаны жіберіп алды, содан кейін бапкер оны қосалқы құрамға отырғызды. Оның орнына шыққан Максим Павленко қақпасын құрғақ ұстады.
- Лада-Қазақстан 7:1 (3:1, 2:0, 3:0).
Қазақстан командасының құрамы: Бояркин (Павленко) — Бекетаев-Михайлов, Мұратов-Мұхаметов-Савицкий; Гайтамиров-Данияр, Панюков-Буялский-Старченко; Бреус-Полохов, Әсетов-Борисевич-Рахманов; Королев-Бутенко, Демин-Шайхмедденов-Оспанов.
Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының бірінші турының екінші матчында Барыс пен Амур ойнайды. Матч 14 тамызда өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 19-30-да басталады.
Барыс, Лада, Қазақстан құрамасы және Амур айналма жүйе бойынша ойнайды. Содан кейін үшінші орын мен финал үшін матчтар өтеді.
Қазақстан құрамасы 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасында өтетін олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңінің матчтарына дайындалуда. Қазақстандық команданың қарсыластары, алаң иелерінен басқа, Венгрия мен Австрия құрамалары болады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20