locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға түсті

Қазақстан  құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға түсті
ФОТО: KFF_team

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы қараша айындағы Ұлттар лигасындағы матчтардан кейін 107-орыннан 110-орынға төмендеді.

Станислав Черчесовтың командасын Комор аралдары (108-орыннан 103-орынға), Танзания (112-орыннан 106-орынға) және Мавритания (114-орыннан 109-орынға) құрамалары басып озды.

Қазақстан еуропалық құрамалар арасында рейтингте ең көп төмендеген командалардың бірі болды. Төрт сатыға Польша (31-орыннан 35-орынға) мен Лихтенштейн (200-орыннан 204-орынға) да төмендеді.

Әлемнің үздік үш құрамасы өзгеріссіз қалды: Аргентина, Франция және Испания көш бастап тұр.

Станислав Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алты матч өткізді. Команда Норвегиямен тең ойнады (0:0), бірақ Словениядан (0:3 және 0:1), Аустриядан (0:4 және 0:2) және Норвегиядан (0:5) жеңіліс тапты.

Турнир барысында Қазақстан құрамасы бірде-бір гол соға алмай, өз қақпасына 15 гол жіберіп алды. Нәтижесінде команда бір ғана ұпаймен топта соңғы орынға ие болып, С лигасына төмендеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie