locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасы қайтадан жеңіліске ұшырады: Ұлттар Лигасындағы үшінші жеңіліс

ФОТО:  KFF

Жексенбі, 13 қазанда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 4-турында Словения құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойындағы жалғыз голды Ян Млакар 55-минутта соқты.

Станислав Черчесовтың шәкірттері қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады: бұған дейін олар сырт алаңда Аустрияға (0:4) және Словенияға (0:3) есе жіберген еді.

Қазақстан құрамасы 1 ұпаймен 3-топтың турнир кестесінде төртінші орында қалды. Ал Словения 7 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.

Ұлттар Лигасы. B3 тобы. 4-тур
Қазақстан– Словения – 0:1
Гол: 0:1 – Млакар, 55.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустриямен кездессе, Словения Норвегияны қабылдайды. Екі ойын да 14 қарашада өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie