locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан премьер-лигасының ойыны бір күнге шегерілді

Футбол 21 там 2024 08:02
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Қазақстан премьер-лигасының ойыны бір күнге шегерілді

Алматылық "Қайрат" QFL Olimpbet премьер-лигасы аясындағы 19 тур ойынының кейінге шегерілгенін хабарлады.

Клубтың хабарламасында былац делінген:

"Премьер-лиганың "Қайрат" - "Астана" арасындағы 19 тур ойыны 31 тамыздан 1-ші қыркүйекке ауысты. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады".

Енді "Астанада" конференция лигасының плей-офф кезеңінде норвегиялық "Браннға" қарсы жауапты кездесуден кейін демалу күні көбірек болады (4 күн).

Естеріңізге сала кетсек, 22 тамыз күні Астана уақытымен 22:00-де "Астана" және "Бранн арасындағы кездесу басталады. Қазақстанда ойынды SPORT+ арнасынан көруге болады.