locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан - Норвегия кездесуіне төрешілер тағайындалды

Қазақстан - Норвегия кездесуіне төрешілер тағайындалды
ФОТО: imago

Ұлттар лигасының финалдық матчында Қазақстан мен Норвегия арасындағы матчты Бельгиядан келген төрешілер тобы басқарады.

УЕФА Яспер Вергооттені бас төреші етіп тағайындады. Оған Мартейн Тистерс пен Михаэль Геерольф көмектеседі. Төртінші төреші – Кевин ван Дамм. Бас төрешінің бейне көмекшісі - Ян Ботерберг, бейне көмекшісі - Михил Аллартс.

Ұлттар лигасы В дивизионының үшінші тобында 5 турдан кейін Норвегия 10 ұпаймен бірінші орында, ал Қазақстан құрамасы соңғы орында тұр. Естеріңізге сала кетейік, Станислав Черчесов шәкірттері 5 кездесуде бірде-бір гол соқпай, мерзімінен бұрын С лигасына түсіп қалған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie