locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан Минскіде өтіп жатқан УЕФА Даму турнирін жеңіспен бастады

Футбол 13 сәу 2025 09:16
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан Минскіде өтіп жатқан УЕФА Даму турнирін жеңіспен бастады
ФОТО: kff

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан УЕФА-ның Даму турнирінде сәтті бастама жасады. 13 сәуірде өткен алғашқы ойында қазақстандықтар алаң иелері Беларусь құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, турнирге үш ұпаймен кірісті.

Кездесудің басты қаһарманы Адалбек Тұрдах болды. Ол 3-минутта пенальтиден есеп ашып, 23-минутта дубль жасады. Белоруссиялықтар үзіліске дейін бір гол соғып, интрига қайтарды. Дегенмен 63-минутта Абылай Жылқайдар да 11 метрлікті мүлт кетірмей, есепті 3:1-ге жеткізді. Қарсыластар тек ойын соңында тағы бір доппен жауап қайырды.

УЕФА Даму турнирі. Минск
Беларусь U16 — Қазақстан U16 — 2:3 (1:2)
Голдар: Тұрдах 3 (пен.), Тұрдах 23 (0:2), Ясточкин 30 (1:2), Жылқайдар 63 (пен.) (1:3), Нестеренко 84 (2:3)

Қазақстан U16 құрамасы Минскідегі турнир аясында Қытай және Ресей құрамаларымен де кездеседі. Жарыс алдындағы дайындық шеңберінде Қазақстан U16 құрамасының техникалық кеңесшісі , ФИФА сарапшысы Стюарт Холл Касабланкада өткен FIFA High Performance конференциясына қатысып, әлемдік футболды дамыту департаментінің басшысы Арсен Венгермен жүздесті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie