Қазақстан мен Аустрия арасындағы матчта үздік және сәтсіз ойын көрсеткен ойыншылар анықталды
14 қарашада Алматыда Ұлттар лигасының В3 тобының 5-тур матчы өтіп, Қазақстан мен Австрия құрамалары кездесті. Ойын 2:0 есебімен альпілік команданың пайдасына аяқталды.
23-минутта Станислав Черчесовтың шәкірттері бір ойыншымен аз қалды — қорғаушы Александр Марочкин алаңнан қуылды. Қазақстандықтар 0:1 есебімен қалып, сандық аздықта қалғанымен, қонақтар тек бір ғана қосымша гол соға алды.
Белгілі статистикалық портал SofaScore Қазақстан құрамасының құрамында ең нашар ойыншы деп алаңнан қуылған қорғаушы Марочкинді атады. Оның ойынға берген бағасы — 3,0. Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып қақпашы Стас Покатилов танылды, ол өз ойыны үшін 7,5 балл алды.
Жалпы, Қазақстан құрамасы ойын үшін 6,41 балл жинаса, Австрия құрамасының бағасы — 7,36.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35