locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан ұлттық құрамасының экс бапкеріне ҚПЛ-дың екі клубынан ұсыныс түскен

Фото: X (witter)
Қазақстан ұлттық құрамасының экс бапкеріне ҚПЛ-дың екі клубынан ұсыныс түскен

Қазақстан ұлттық құрамасының экс бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамамен қоса Ордабасы мен Ақтөбені жаттықтыруы мүмкін болған.

"Ақтөбе жақын болды. Мен екі рет Асхатпен кездестім (Ақтөбе облысының әкімі). Өте жақсы әңгіме өрбіді, менің оған деген құрметім жоғары. Өз облысын жақсы көретін өте жауапты басшы, және команда үшін де барын салады. Шахвров жақсы нәтижелерге жеткісі келді. Оған мені шақырып, маған қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіремін.

Мен ол кезде бар назарымды ұлттық құраманың Грекияға қарсы ойынына аудардым. Қарастырып көретінімді, осы ойыннан кейін шешімімді айтатынымды айттым. Өкінішке орай, жақсы дайындықпен барғанымызбен Грекиямен матч сәтсіз аяқталды. Матчтан кейін Ахматтан ұсыныс түсті.

Ордабасымен нақты әңгіме болмады. Бірақ әкіммен кездесу болды. Олардың басшылығында ауысым кезеңі болды, дейді маман Meta-ratings берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдан 2024 жылға дейін баптады. Осы жылдың сәуірінен бастап Ахматқа ауысты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie