locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лиасына дайындығын бастап кетті

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады.

Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды. Бүгін біздің команда алғашқы жаттығуын залда өткізді.

Айта кетейік әзірге команда толық жиналған жоқ. Алғашқы жаттығудан үзіндіні ҚФФ ресми YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алғашқы турында өз алаңында 06.09 күні Норвегияны қабылдайды. Матч жергілікті уақытымен 19:00-де басталады. Екінші тур аясында құрама Словенияға қонаққа барады. Матч 09.09 күні Астана уақытымен 23:45-те басталады.