locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан кубогының алғашқы ширек финалисті анықталды

Футбол 12 сәу 2025 08:06
Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
Қазақстан кубогының алғашқы ширек финалисті анықталды
СУРЕТ: «Елімай» ФК

Семейдің «Елімай» командасы Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан алғашқы команда болды. 12 сәуір күні Жезқазғанда жергілікті «Ұлытау» мен Семейдің «Елімай» командасы арасында өткен Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойыны 3:0 есебімен қонақ команданың жеңісімен аяқталды.

Бірінші таймның соңына қарай есеп «Елімай» шабуылшысы Элос Плакка соққан голмен ашылды. Алты минуттан кейін Әділбек Жұмаханов «үзіліске» гол соқты.

Үзілістен кейін, екінші таймның басында баяғы Плакка гол соғып, істі аяғына дейін жеткізді. Қалған уақытта командалар таблодағы есепті өзгерте алмады.

Осы жеңістен кейін «Елімай» Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан алғашқы команда болды.

Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде төрт турдан кейін «Ұлытау» 2 ұпаймен соңғы, 14-ші орында тұр. «Елімай» жеті ұпаймен бесінші орында.

6 сәуірде 2025 жылғы маусымның үшінші турында командалар «Елімай» алаңында кездесті. Алаң иелері «Ұлытауды» 3:0 есебімен ұтты.

Қазақстан кубогы, 1/8 финал

«Ұлытау» — «Елімай» 0:3 (0:2)

Голдар: Плакка, 39, 50; Жұмаханов, 45.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie