Қазақстан әйелдер құрамасы (U19) Еуро-2025 іріктеу кезеңін тең ойынмен бастады
Қазақстан құрамасының 19 жасқа дейінгі қыздар командасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін тең нәтижемен бастады.
Команда күштілігі жағынан екінші лигада (В2 тобы) өнер көрсетуде. Бұл топтағы ойындар Румынияда өтеді. Алғашқы турда қазақстандықтар Латвия құрамасымен кездесіп, матч голсыз тең аяқталды — 0:0.
Топтың басқа матчында Румыния құрамасы Лихтенштейнді 12:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінің көшін бастады. Қазақстан мен Латвия командалары бір ұпайдан жинап, келесі орындарға жайғасты.
Екінші іріктеу кезеңіне (А лигасы) өтіп, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін топта бірінші орын алу қажет.
Келесі матчта Қазақстан құрамасы 30 қарашада турнир иесі — Румыниямен кездеседі, ал 3 желтоқсанда Лихтенштейнмен ойнайды.
Футзал
Бүгін 06:12
Теннис
Бүгін 04:28