Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ҚФФ-ның кезектен тыс XXVI конференциясы өтті.
Жиынға аймақтық футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ Атқару комитетінің мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, УЕФА және ФИФА өкілдері қатысты.
Конференция барысында ҚФФ президенті А. Н. Бәрменқұловтың орнынан кетуін қабылдауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Және ҚФФ-ның кезектен тыс сайлау конференциясының күндері қарастырылды.
Сондай-ақ күн тәртібінде Талғат Қосмұхамбетовті кезектен тыс конференцияның төрағасы етіп тағайындау туралы шешімдер де қаралды, оның мерзімі 2024 жылдың 20 желтоқсанына белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұловтың өкілеттігі өз еркімен қызметінен кету туралы арызына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ конференцияда Абай обылысы футбол федерациясының ҚФФ-дағы мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім ұйым жарғысын ҚФФ талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы бар Федерацияның жаңа президентін сайлауға байланысты болды.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49