locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Футбол Федерациясы Норвегияға қарсы ойынға билеттерді онлайн сатылымға шығарды

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің алғашқы ойынында Холанд бастаған Норвегияны өз алаңында қабылдайды. Матч 2024 жылдың, 6-қыркүйегінде Астана уақытымен 19:00-де, Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Матчқа билеттер онлайн сатылымға шықты, бағасы 2000 теңгеден басталады. Билеттерді тек ticketon.kz сайтында онлайн сатып алуға болады. Алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билеттер матч басталуына 2 сағат қалғанда поштаңызға келеді.