Азаматтықтың айқын көрінісі: Джек Грилиш анасыз қалған отбасыға көмектесіп, жанкүйерлерге үндеу жасады


«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Джек Грилиш футбол - жай ғана ойын емес, нағыз адамгершіліктің алаңы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. The Sun басылымының хабарлауынша, ағылшын футболшысы отбасында қайғылы жағдай орын алған жанұяға қаржылай көмек көрсеткен.
4 сәуір күні 55 жастағы Мишель Йейтс кенеттен өмірден өтті. Оның жақындары жерлеу рәсімінің шығындарын өтеуге шамасы жетпей, GoFundMe платформасы арқылы қаражат жинау бастамасын көтерген. Осы оқиға туралы естіген Джек Грилиш отбасының шотына 1000 фунт стерлинг аударып, өзінің Instagram парақшасында сілтеме жариялады. Сонымен қатар ол жазылушыларынан бұл отбасыға қол ұшын созып, немқұрайлы болмауды өтінді.
Джек Грилиш пен оның командасы қазір трофей үшін талас жүргізіп жатыр. 27 сәуірде «Манчестер Сити» Англия Кубогының финалына жолдама алып, «Уэмбли» стадионында «Ноттингем Форестті» сенімді түрде жеңді.
Ағымдағы маусымда Грилиш барлық турнирде 31 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі паспен көзге түсті.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59