locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Аякс» рекордтық пенальти сериясында «Панатинаикос» командасынан басым түсті

Футбол 16 там 2024 02:03
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
«Аякс» рекордтық пенальти сериясында «Панатинаикос» командасынан басым түсті

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің шешуші матчында тарихи жағдай орын алды – еурокубоктағы ең ұзақ пенальти сериясы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Тартысты ойында амстердамдық команда мықтырақ болып, пенальти сериясында 13:12 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Бұл нәтиже 2023 жылдың шілдесінде Конференция лигасында «Гзира Юнайтед» пен «Гленторан» арасында өткен пенальти сериясынан(14:13) кейінгі еуропа турнирлерінде ең жоғары нәтиже.

Ойын 0:1 есебімен «Панатинаикос» командасының пайдасына аяқталды. Алайда олар бірінші матчта дәл осындай есеппен жеңілгендіктен командалар тең болды деп айта аламыз. Матч бұл есепке қарамастан тартысқа толы болды. Алғашқы гол авторы 89-минутта Тете атаңды, бұл жағдай болмағанда пенальти сериясы болмай қалуыда мүмкін еді.

Турнирдің келесі кезеңінде амстердамдық «Аякс» Польша чемпионатының қазіргі чемпионы «Ягеллониямен» кездеседі. Бұл ойын екі команда үшін де оңайға түспейтіні анық.

UEFA Еуропа Лигасы. 15 тамыз.
Йохан Кройф Арена (Амстердам).
Аякс - Панатинаикос: 0:1.
Голдар: Тете 89’.