Австралия құрамасы бас бапкерсіз қалды: Грэм Арнольд бүгін құрамадан кететінін мәлімдеді
Австралия футбол қауымдастығы Грэм Арнольдтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен күтпеген жерден кеткенін хабарлады. Бұл шешім команданың Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі мардымсыз ойындарына байланысты хабарланды.
Арнольд осы аптаның басында Бахрейннен 1:0 есебімен жеңіліске ұшырағаннан кейін және Индонезиямен 0:0 есебімен тең ойыннан соң қызметінен кету жайлы шешімін басшылыққа хабарлады. Федерацияның бас директоры Джеймс Джонсон 61 жастағы жаттықтырушыға бұған дейін сенім білдіргенімен, Арнольдтың өзі құрамаға өзгерістер енгізетін уақыты келді деп шешті.
“Көп ойланғаннан кейін, мен үшін де, бүкіл команда үшін де өзгеріс жасайтын уақыт келгенін түсіндім”, - деп түсіндірді Арнольд.
Австралия футбол қауымдастығы ұлттық құрамаға жаңа бапкер іздеуге кірісіп кетті. Әлем чемпионатының келесі іріктеу матчтары 10 және 15 қазанда Қытай (өз алаңында) және Жапонияға (сырт алаңда) қарсы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 61 жастағы маман команданы 2018 жылдан бері басқарды және тамаша нәтиже көрсетті – 2022 жылғы Әлем чемпионатында Австралия 1/8 финалға шығып, болашақ чемпион Аргентинадан жеңілді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52