«Атлетико» - «Барселона» - 0:1. Ферран «Барсаны» финалға қалай шығарды? Гол және матчқа бейнешолу


2-3 сәуірге қараған түні «Атлетико» мен «Барселона» (0:1) арасындағы Испания Кубогының жартылай финалдық қарымта ойыны өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Қарымта ойын командалар әрқайсысы төрт голдан соққан бірінші ойыннан түбегейлі ерекшеленді. Матчтағы жалғыз голды «Барселона» бірінші таймда соқты. 27-минутта Ламин Ямаль бір паспен Мадридтің қорғаныс сызығын түгел кесіп тастады, ал Ферран Торрес бірге-бір шыққанда қақпашыдан басым түсті.
Ферранның бір голы каталондықтарға «Атлетиконы» ұшырып, Кубок финалына шығу үшін жеткілікті болды. Турнирдің шешуші матчында Ханси Флик шәкірттері мадридтік «Реалмен» кездеседі.
Испания Кубогы. Жартылай финал. 3 сәуір
«Атлетико» - «Барселона» - [алғашқы матч 4:4]
Гол: Торрес, 27.
Матчқа бейнешолу:

Футбол
Бүгін 06:03
