Атланта Юнайтед тартысты матчта Интер Майамиді ширек финалдан тыс қалдырды
“Атланта Юнайтед” футболшылары МЛС плей-оффының бірінші раундындағы үшінші матчта “Интер Майамиді” жеңіп, серияда жеңісті өз атына жазды.
Роб Валентиноның командасы Майамидің ұжымын 3:2 есебімен тізе бүктірді. 17-минутта Рохас “Интер Майамиді” алға шығады. Алайда қонақтар тез арада еңселерін тіктеп, екі минуттан соң Тиаренің голымен есепті теңестірді. Кейіннен “Атлантаның” шабуылшысы дубль жасап, өз командасын алға шығарды. Екінші таймның ортасында “Интер Майами” қайта есепті теңестірді – бұл жолы баспен соққы жасаған Лионель Месси көзге түсті. Алайда, 76-минутта Бартош Слиш “Атлантаны” алға шығарды. Херардо Мартиноның шәкірттері есепті теңестіруге талпынғанымен, қонақтар матч пен сериядағы жеңістерін сақтап қалды.
МЛС. 1/8 финал. 10 қараша.
“Интер Майами” - “Атланта Юнайтед” - 2:3
Голдар: Рохас, 17, Месси, 65 – Тиаре, 19, 21, Слиш, 76.
Айта кетейік, МЛС плей-оффының екінші раундында “Атланта” “Орландо Ситимен” кездеседі.
ММА
Бүгін 14:48