locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Атыраудың» жұмысшылар алдындағы қарызынан қалай құтылғаны белгілі болды

Футбол 27 нау 2025 15:36
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
«Атыраудың» жұмысшылар алдындағы қарызынан қалай құтылғаны белгілі болды
ФОТО: ФК Атырау

«Атырау» футбол клубының ұжымы жаңа бас менеджер Дидар Сыдықбектің арқасында 2025 жылы алғаш рет жалақыларын алды.

Сыдықбек Instagram желісіндегі парақшасында жаңа қызметінде атқарған жұмыстары туралы айтқан видеосын жариялады. Атап айтқанда, клуб әкімшілігі мен футбол орталығына жалақы берешегін өз қалтасынан өтегенін хабарлады.

Сондай-ақ ол өзінің видеосында «мұнайшылардың» жанкүйерлерінен қолдау көрсетуді өтініп, алдағы ҚПЛ 3-ші турының «Ақтөбеге» қарсы ойынына шақырды.

Бұған дейін «Атырау ОФК» ЖШС сенім кеңесінің құрылтайшылары қызметтерін босатып, клуб директоры Жандос Бектемір мен бас директоры Манарбек Ержанов та өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie