locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Атырауға жалға берілген даулы ойыншы донецтік Шахтерге қайта оралады

Атырауға жалға берілген даулы ойыншы донецтік Шахтерге қайта оралады
Фото: Vesti.kz

Sport.ua басылымы хабарлағандай, 20 жастағы тәжік вингері Хусрав Тоировтың Қазақстандық “Атырау” клубындағы жалға берілу мерзімі аяқталған соң, Донецкінің “Шахтеріне” қайта оралатыны белгілі болды.

Футболшының “Атыраумен” жасалған уақытша келісімі 31 желтоқсанға дейін жарамды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ол “Шахтер” сапына оралады. Алайда украиналық клубтың болашақта Тоировқа қаншалықты сенім артатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, Тоиров “Атырауға” биыл шілде айында келіп, команда құрамында 10 ресми ойын өткізді. Бұл матчтарда ол бір гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Ордабасы академияның үш тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie