locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Атырау облысында екі спорт нысаны мен футбол клубы мемлекеттік меншікке қайтарылды

Футбол 16 мам 2025 06:33
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Атырау облысында екі спорт нысаны мен футбол клубы мемлекеттік меншікке қайтарылды
Атырау облысында екі спорт нысаны мен футбол клубы мемлекеттік меншікке қайтарылды

Атырау облысында бұған дейін сенімгерлік басқаруға берілген футбол клубы мен екі ірі спорттық нысан енді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Облыстық басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықовтың айтуынша, бұл шара Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

«Сенімгерлік басқаруда болған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мұз айдыны және «Атырау облыстық футбол командасы» ЖШС мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл өзгеріс өңірдегі спорт саласының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ спорт нысандары көрсететін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Мемлекет бақылауына өткеннен кейін материалдық-техникалық базаны жаңарту мен қызмет сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыс басталады», — деді Нұрбол Сыдықов.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік меншікке өткен спорт нысандарында балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін үйірмелер мен спорт секциялары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Қазіргі таңда сенімгерлік басқарудағы орталық жүзу бассейнін де мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары басталған.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie