Атырау - Ақтөбе: Қазақстан Кубогының финалында 110 миллион теңге сарапқа салынады
29 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында “Атырау” мен “Ақтөбе” клубтары Қазақстан Кубогы үшін күреседі.
Финалистер турнирдің басты демеушісі - Olimpbet компаниясы тағайындаған 110 млн теңгені сарапқа салады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz спорт-порталы.
Кубок иегері 65 млн теңге алады, ал финалист команда өз қазынасын 45 млн теңгеге толықтырады.
Жартылай финалға жеткен командалар 30 млн теңгеден, ширек финалистер 15 млн теңгеден, ал Қазақстан Кубогының 1/8 финалынан ұшып кеткендер 5 млн теңгеден алады.
Қазақстан Кубогының жалпы жүлде қоры 270 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар, түркістандық “Тұран” клубының директоры Әлібек Нұртаев қосалқы құрам ойыншыларына еңбекақының төленбеуі туралы ақпаратқа пікір білдірген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52