locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Атырау» – «Астана» 18 тур ойынының күні ауысты

Футбол 24 сәу 2025 03:26
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Атырау» – «Астана» 18 тур ойынының күні ауысты
ФОТО: «Астана»

Қазақстан Премьер-лигасының 18-тур күнтізбесінде өзгерістер орын алды: «Атырау» мен елордалық «Астана» арасындағы матч 30 сәуірге ауыстырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойынның шегерілуіне «Астана» клубының УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуы себеп болды. Команда халықаралық матчтарға дайындалып жатқандықтан, турнирлік кестеге түзету енгізілді.

Қазіргі таңда «Астана» бес турдан кейін 12 ұпаймен үздік үштікке енсе, «Атырау» 5 матчтан кейін 3 ұпай жинап, 13-орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie