Аты аңызға айналған Серхио Рамос мансабын Аргентинада жалғастыруға жақын
Қазіргі уақытта еркін агент міртебесінде жүрген Серхио Рамос мансабын Аргентина чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
Relevo басылымының мәліметінше, мадридтік “Реалдың” бұрынғы ойыншысына Аргентинаның танымал “Бока Хуниорс” клубы қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта екі тарап алғашқы келіссөздерін жүргізіп үлгерді. Рамос Буэнос-Айрестегі клубтың президенті, аты аңызға айналған жартылай қорғаушы Хуан Рикельмемен және “Реалда” бірге ойнаған, қазіргі жаттықтырушы Фернандо Гагомен тығыз байланыста болды. Ақпарат көзінің жазуынша, “Бока Хуниорс” 38 жасар Серхиоға шамамен 5 миллион еуро көлемінде жалақы төлеуге дайын.
Өткен маусымда футболшы туған клубы "Севилья” сапында 37 матч өткізіп, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52