locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ақтөбенің» Еуропа Лигасындағы қарсыласы Янис Хаджиді қатарға қосуды көздеп отыр

Польшалық «Легия» Румыния құрамасының жарқыраған жартылай қорғаушысымен күшеюі мүмкін
Футбол 23 мау 2025 07:44
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Ақтөбенің» Еуропа Лигасындағы қарсыласы Янис Хаджиді қатарға қосуды көздеп отыр
ФОТО: Getty Images

Шотландиялық «Рейнджерс» клубы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Янис Хаджиге келісімшарттың ұзартылмайтынын хабарлағанын, Daily Record басылымы мәлімдеді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, румын футболшысының келесі клубы Варшава қаласының «Легиясы» болуы ықтимал. Айта кетейік, дәл осы «Легия» - 2025/2026 жылғы маусымдағы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстанның атынан қатысатын «Ақтөбенің» қарсыласы.

26 жастағы Янис - әйгілі румын футболшысы Георге Хаджидің ұлы. Ол 2020 жылдан бері «Рейнджерс» сапында ойнап келді. 2024/25 жылғы маусымда 32 матч өткізіп, бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Бұған дейін Янис Испанияның «Алавес», Бельгияның «Генк», Италияның «Фиорентина» және Румынияның «Вииторул» клубтарында өнер көрсеткен.

Румыния құрамасында 2018 жылдан бері ойнайды. Ұлттық құрама сапында 47 ойын өткізіп, 6 гол және 7 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Еске сала кетейік, «Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы кездесу 10 шілдеде Варшавада өтеді, ал қарымта матч 17 шілдеде Ақтөбеде ұйымдастырылады. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Чехияның «Баник» (Острава) клубымен кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie