locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері Қазақстан футболына қайта оралуға асықпайды

Футбол 16 сәу 2025 05:16
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас бапкері, қазіргі таңда жұмыссыз жүрген беларусь маманы Алексей Бага Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі туралы ой бөлісіп, ҚПЛ-ге қайта оралуға аса құлықты еместігін білдірді.

«Қазақстан - иә, бұл ерекше орта. Әркім өз параллелін жасай жатар. Бірақ шын мәнінде, бұл – өзіндік заңдылықтары бар бір бөлек әлем. «Ешқашан ешқашан деме» дейді, әрине. Бұл жерде даңғаза сөз айтудан аулақпын. Дегенмен, егер екі жақтан тең дәрежелі ұсыныс түсіп, Қазақстан қаржылай жағынан көбірек ұсынатын болса да, мен басқа нұсқаны таңдар едім», - деді Бага Pressball басылымына берген сұқбатында.

Алексей Бага 2021 жылы «Ақтөбенің» тізгінін ұстаған болатын. Оның клубтағы кезеңі небәрі үш айдан сәл асып, жоспарланған межеге жетпей аяқталды.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатында үздік үштікте келеді. Төрт турдан кейін команда 10 ұпай жинап, екінші орынға жайғасқан. Көш басында - алматылық «Қайрат», ол қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр. Ал ел кубогында актюбеліктер күтпеген жерден сүрініп, 1/8 финалда «Жеңіске» жол беріп, жарыстан тыс қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie