Ақтөбенің бапкерлік штабына донецтік Шахтер мен Еуропада жұмыс жасаған испандық маман қосылады
Ақтөбе командасының бас бапкерінің жаңа көмекшісінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Бұл лауазымға Андрей Шевченконың бұрынғы көмекшісі Авраам Кампомар тағайындалады. Испандық жаттықтырушымен келісімшарт жақын арада жасалынады.
2014-2018 жылдар аралығында Кампомар Украина футболында аналитик болып жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары ол "Шахтер” (Донецк) академиясының директорының көмекшісі болды. 2021-2023 жылдар аралығында Украина құрамасының аналитик-бапкері ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар Кампомар Авраам Хоффенхайм және Бенфика секілді еуропалық клубтарда жұмыс жасаған.
1 қыркүйекте бас бапкер Дмитрий Парфенов Елімайдан 1:3 есебімен жеңілгеннен кейін Ақтөбенің бас бапкері қызметінен қуылды. Уақытша бас бапкер қызметіне 56 жастағы Игорь Леонов тағайындалды. Сонымен қатар, Парфеновтың көмекшісі Юрий Ковтун да клубтан кетеді.
Ақтөбе футбол клубы қазіргі таңда ҚПЛ-дің 18-турынан кейін 31 ұпаймен екінші орында тұр.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49