locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақтөбе өз алаңында аутсайдерді жеңе алмады

«Ақтөбе» өз алаңында аутсайдермен кездесіп, жеңісті уысынан шығарып алды.

Дмитрий Парфенов шәкірттері ҚПЛ 17-ші турында “Қайсармен” тең ойнады. “ Ақтөбе” 22-минутта Арман Кеңесовтің көмегімен ойындағы алғашқы голды соқты. Қонақтар екінші таймда алаң иелерінің қателігін пайдаланып, есепті теңестірді, Горан Милойко гол соқты.

“Ақтөбе” бірнеше гол соғуы мүмкін еді, бірақ “Қайсардың” қақпашысы Сикач жоғарғы деңгейде ойын көрсетті, қорытынды есеп 1-1.