Ақтөбе ойыншысы Матео Барачтың агенті ойыншының клубтағы болашаға жайлы айтты
“Ақтөбе” қорғаушысы Матео Барачтың агенті Стипе Лапич футболшының клубпен келісімшартты ұзарту туралы сөйлеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды legalbet.kz
“Ол 2025 жылы “Ақтөбеде” қала ма? Оның жыл соңына дейін келісімшарты бар, сондай-ақ бір жылдық опциясы бар. Егер клубқа қажет болса, онда қалады. Егер қажет болмаса – оған ұсыныс бар. Матео туралы клубпен сөйлестім бе? Сөйлескен жоқпын және сөйлеспеймін. Оларда опция бар, қайталап айтамын. Егер ол клубқа қажет болса, онда қалады. Егер қажет болмаса – бізде басқа да нұсқалар бар. Біз сабырлымыз”, - деді Лапич.
Матео Барач Швейцарияның “Волен” және өз еліндегі бірнеше клубтарда, соның ішінде “Хрватски Драговоляц”, “Шибеник” және “Осиек” командаларында ойнаған. Кейін Барач Венадағы “Рапид” клубында, сондай-ақ Ресейдің “Сочи” және “Крылья Советов” командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымда хорват қорғаушысы Бельгияның “Остенде” клубында жалға алынған ойыншы ретінде ойнады. 2017 жылы ол Хорватия құрамасында бір матч өткізген.
Барач “Ақтөбе” сапында 14 кездесуге қатысып, 1 гол соққан.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52