Ақтөбе мен Тобылдың бұрынғы ойыншысы Шимкович Қазақстан-Аустрия матчының нәтижесін болжады
"Ақтөбе" (Ақтөбе) мен "Тобылдың" (Қостанай) экс-футболшысы Томаш Шимкович Қазақстан мен Аустрия арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының 5-ші турының алдағы матчынан не күтетінін айтты.
"Менің ойымша, Аустрия бұл жекпе-жекке жақсы дайын болады. Қазақстан құрамасы үшін бұл ойын Астанада, жасанды жабындыда өтсе жақсы болар еді. Қазақстан үшін қиын матч болатыны сөзсіз. Олар жақсы дайындалып, ең жақсы деңгейлерін көрсетуі керек. Бірақ объективті түрде айтсақ, Аустрия жеңіске жетуі керек", - деді Шимкович.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашада Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Аустрияға қарсы үй матчын өткізеді. Ойынның басталуы – Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де.
Қазақстан – Аустрия Ұлттар Лигасының матчын онлайн қайдан көруге болады
Футбол
Бүгін 00:35