locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақтөбе ФК-ның жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Футбол 04 қыр 2024 12:40
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
«Ақтөбе» ФК-ның жаңа бас бапкерінің міндетін атқарушының есімі белгілі болды

ЖаркOFF телеграмм каналының ақпаратына сәйкес, "Ақтөбенің" жаңа бапкері болып украиндық Игорь Леонов атанады. Оны клубта ақ-қызылдардың спорт директоры Сергей Доронченко көргісі келеді.

Леонов Керчь қаласының спорт мектебінің түлегі, бапкер ретінде "Ильичевца" (жастар құрамы және негізгі команданың бас бапкері) және "Шахтер" Донецк (U17, U19 және жастар құрамының бапкері) клубтарында танылды.

Осыдан алдын Ақтөбеліктерді Адиев баптайды деген сыбыс шыққан болатын. Команда 6-сы күні жиынға жиналғанда, жаңа бапкердің есімі анықталуы тиіс.

Қазіргі кезде "Ақтөбе" "Қайраттан" 1 ұпайға қалып, 2-ші орында келе жатыр. Ақ-қызылдар келесі ойынын 15 қыркүйек күні Талдықорғандық "Жетісуға" қарсы өткізеді. Алғалқы ысқырық қазақстан уақытымен 19:00-де шалынады.