Ақтөбе Черногория құрамасының қорғаушысын қатарына қосқысы келеді
Футбол
10 қаң 2025 09:06

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: gettyimages
Марко Вукчевич - "Ақтөбенің" болашақ ойыншысы
Черногория құрамасының 31 жастағы ойыншысы негізінен оң жақ қорғаушы позициясында өнер көрсетеді, алайда сол қапталда да ойнай алады.
Ол өз құрамасында 26 матч өткізіп, 1 гол соққан.
Бұл маусымды "Борац" ФК (Босния және Герцеговина) құрамында өткізді. 20 матчқа қатысып, 1 голдық паспен көзге түсті.
Өз мансабында "Олимпия" (Словения), "Будучность" (Черногория), "Войводина" (Сербия), УТА Арад (Румыния) клубтарында ойнады.
Клубтық мансабында барлығы 328 ресми матчқа қатысып, 17 гол соғып, 16 ассист жасады.
Танымал жаңалықтар

Баскетбол
Бүгін 13:40

Хоккей
Бүгін 12:07
Пікірлер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікір қалдырып, оларға жауап бере алады