Астананың экс-бапкері команданың Пафоспен өтетін матчтағы мүмкіндіктерін бағалады
“Астананың” бұрынғы жаттықтырушысы Срджан Благоевич Конференция лигасының 3-турындағы Кипрдің “Пафос” командасы мен астаналық клуб арасындағы алдағы кездесуі жайында өз ойын білдірді. Бұл матч бейсенбі, 7 қараша күні өтеді.
“Пафос” сапында жақсы ойыншылар өнер көрсетеді. Олардың құрамында легионерлер көп. Қазіргі таңда олар елдегі чемпионаттағы бәсекелестікке қарамастан, турнирлік кестеде бірінші орында тұр. “Астананың” қосалқы құрам ойыншыларына ол жерде жетістікке жету қиын болады”,-деді Благоевич.
Конференция лигасының кестесінде “Пафос” екі матчтан кейін 3 ұпай жинап, 14-орында тұр. Ал “Астана” 3 ұпаймен 21-орында.
“Пафос” – “Астана” матчы бір минут үнсіздіктен басталады деп хабарланғанымызды еске сала кетейік.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52