"Астананың" қарсыласы негізгі шабуылшысымен қоштасты
Уэльстің "Нью-Сейнтс" клубы шабуылшысы Брэд Янкты ресми түрде "Әл-Оруба" клубына сатты. Бұл команда Конференциялар лигасының топтық кезеңінде "Астананың" қарсылас болып табылады.
Клуб ойыншыдан 250 мың еуро пайда тапты. Шабуылшының жаңа келісімі туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, "Әл-Оруба" жақында ғана “Вест Хэмнің" ойыншысын да өз қатарына қосты.
Айта кетейік, Янг "Астон Вилланың" түлегі. Шабуылшы "Нью-Сейнтс" сапында 43 матч өткізіп, 32 гол соқты және 4 нәтижелі пас авторы атанды.
Өткен маусымда команда чемпионатты жеңіліссіз аяқтап, Уэльс чемпионы атанды. Қазіргі таңда клуб лигада бір ғана матч өткізді және жеңіске жетті.
"Астана" Конференциялар лигасының екінші туры аясында "Нью-Сейнтс" клубымен сырт алаңда кездеседі. Матч 25 қыркүйекте , Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20