«Астананың» 20-жастағы футболшысы Испания чемпионатына ауысуы мүмкін
Футбол
31 нау 2025 08:23

Наурызбай Қанатұлы

Фото: Астана ФК
«Астана» футбол командасының түлегі Нұралы Жақсылық Испанияның «Лас-Пальмас» клубына ауысуға жақын.
Испаниялық ұжым қазір қазақстандық футболшыны қатарына қосу үшін келіссөздер жүргізуде.
«Біздің ақпарат бойынша «Астана» клубының түлегі Нұралы Жақсылық мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Испаниялық «Лас-Пальмас» клубы 20-жастағы жартылай қорғаушыны өз қатарында көруді жоспарлауда»,- делінген kazakh_football_inside телеграмм-арнасының хабарламасында.
20-жастағы жартылай қорғаушы елордалық клуб сапында ҚПЛ-2025-те үш ойында өнер көрсетті. Футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро.
Ал «Лас-Пальмас» Испания Примерасында 27 турдан кейін 19-орында келеді.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек