Астанада футбол клубында легионермен жанжал
Астана футбол клубының француз ойыншысы клубтан кикілжіңмен кетті. Фабьен Урега әлеуметтік желілердегі парақшасында Астанадан кететін хабарлады, бірақ клуб оған тиесілі ақшаны беруден бас тартыпты
«Клубтан ешқандай кикілжіңсіз тыныш кеткім келді. Дегенмен, соңғы күндегі жағдайлар маған келісімшарт мерзімді бұзып, ақшаларымды алуға кепілдік бермейді. Олар мені алдағысы келді, келісімшартта ақшаның көлемі мен ақша қай уақытқа дейін берілетінін жазбады»- дейді Урега. Ал, Астана ФК ойыншының мәлімдемесі келісімшартты бұзу үшін қосымша өтемақыны талап ету мақсатында клубқа жанкүйерлер арқылы қысым түсіру деп жауап берді.
Қандай жағдай болғаны белгісіз Астана Уреганың жазбасынан кейін ойыншымен ресми келісімшартты бұзды. Және оған сәттілік тілеп, жазба қалдырды. Фабьен Урега Астана сапына 2023 жылдың басында қосылды, онымен бір жылдық шарт жасалды. Ал, 2024 жылдың ақпан айында оның шарты жыл соңына дейін ұзартылды. Астана жоғарғы жалақы алатын легионерге неліктен жаңа шарт беріп, оны қосалқы құрамға отырғызып қойғаны беймәлім. Алаңға шықпай қалған Уреганы орнына Назми Грипши сатып алынуы ойыншыға ауыр тегін секілді, ол осы сәтте клубтан кету жайлы шешім қабылдады.Оңтайлы сәтті күткен Астана онымен өз шарты бойынша өзара келісімді бұзуды дұрыс деп санады. Бірақ, Фабьен Урега қитұрқы ойындарға араласпай, өзіне тиесілі ақшаны алды.
Баскетбол
Бүгін 02:16
Хоккей
Бүгін 01:50