locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана-Челси: ойын Астана-Аренада өтуі мүмкін

Астана-Челси: ойын Астана-Аренада өтуі мүмкін

«Астана» мен «Челси» арасындағы ойын «Астана Арена» стадионында өтуі мүмкін. Инсайдерлердің мәліметтер бойынша, стадион желтоқсан айына дейін толық пайдалануға беріледі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында стадионның сыртқы жабдықтары толығымен жаңартылды. Көшпенділердің ойындарының ресми жабылу рәсімінен кейін жасанды жабынды ауыстыру жұмыстары басталады.

Жағдайды бағамдасақ, желтоқсанды айтпағанда, қарашаның басында Алматының Орталық стадионында футбол ойнау мүмкін емес. Еуропалық командалар онсызда ұзақ жолға жиі шағымданады, ал енді қыстың ортасында ашық стадионда ойнау олар үшін тағы бір ауыр соққы болып тиері анық.