Астана жанкүйерлері Президентке хат жолдап жауабын алды
“Астана” жанкүйерлері бірнеше апта бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған болатын.
Жанкүйерлер хатта “Астана-Арена” стадионының жөндеу жұмыстарын тездетіп, Конференция лигасының “Челси” клубына қарсы ойында Астана қаласында өткізуді сұраған.
Бүгін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанкүйерлерге жауап хат қолдаған екен.
“Астана Аренаның” жөндеу жұмыстары 15 қарашада аяқталады және 1 ай көлемінде ФИФА алаңды лицензиядан өткізу керек. Қазақстан футбол Федерациясы бұл ойын Астанада өтуіне барлық шаралар жасайды”, - делінген хабарламада.
UEFA ресми сайтының хабарлауынша, “Астана” өз қарсыластарын Алматының орталық стадионында қабылдайды. Кездесу 12-ші желтоқсанға жоспарланған.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52