locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана қорғаушысы еурокубоктегі мерейтойлы ойынын өткізді

Астана қорғаушысы еурокубоктегі мерейтойлы ойынын өткізді

Астана қорғаушысы Алексей Аманович еурокубоктегі 25-ші матчын өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz сайты

Хабарлағандай, 2024/25 жылғы Конференция лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Браннға қарсы өткізген алғашқы ойын Аманович үшін мерейтойлы матч болды. Қазақстандық команда 0:2 есебімен жеңілген болатын.

Еурокубоктегі алғашқы ойынын Аманович 2021 жылы 22 шілдеде Тобыл сапында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде хорватиялық Хайдукке қарсы өткізген болатын. Құрлықтық турнирлерде қорғаушы Тобыл сапында 15, ал Астана сапында 10 ойынға қатысқан.