Астана мен Жеңіс Лига кубогының финалы алдында 100 миллионға жуық табыс тапты
Meta-ratings.kz басылымы Лига кубогының жартылай финалдық матчтарынан кейін қазақстандық футбол клубтарының табыстарын есептеді.
Коммерциялық турнирдің жалпы жүлде қоры 450 млн теңгені құрайды. Турнирге қатысқаны үшін әр команда 8 миллион алады. Топтық кезеңдегі жеңіс 5 млн, тең нәтиже – 2,5 млн теңге табуға мүмкіндік береді. Жарыстың ең көп жеңімпазы 134 млн теңге таба алады. Финалға шығу және қатысу үшін – 61 млн теңгеден. Сондай-ақ, Лига кубогының жеңімпазы өз қазынасына тағы 40 млн теңге қосады.
Лига Кубогының қатысушылары финалға дейін қанша табыс тапты:
1-2. "Жеңіс" - 89 млн теңге;
1-2. "Астана" - 89;
3-4. "Қайрат" – 30,5;
3-4. "Елімай" - 30,5;
5-6. "Ақтөбе" - 18;
5-6. "Каспий" - 18;
7-9. "Қызылжар" - 15,5;
7-9. "Атырау" - 15,5;
7-9. "Ордабасы" - 15,5;
10-15. "Ақжайық" - 13;
10-15. "Тараз" - 13;
10-15. "Қайсар" - 13;
10-15. "Тобыл – - 13;
10-15. "Шахтер" - 13;
10-15. "Жетісу" - 13;
16. "Тұран" - 10,5.
25 қыркүйекте жартылай финалдық матчтар өтті, оның қорытындысы бойынша "Астана" мен "Жеңіс" турнирдің финалына шықты.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34