locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Астана мен Қайсардың бұрынғы ойыншысы Чемпиондар лигасында Миланға гол соқты

Астана мен Қайсардың бұрынғы ойыншысы Чемпиондар лигасында Миланға гол соқты
ФОТО: Getty Images

“Астана” мен “Қайсардың” бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян Чемпиондар лигасында “Милан” қақпасына гол соқты.

Бүгін, 26 қарашада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында “Слован Братислава” өз алаңында италиялық алпауыт “Милан” командасын қабылдады. Кездесудің 24-ші минутында қонақтардың бұрыштамасынан кейін “Слованның” ойыншылары қарсы шабуыл ұйымдастырып, Барсегян гол соқты. Қақпашының үстінен керемет тепкен ол, есепті теңестірді.

Армениялық футболшы Қазақстан Премьер-лигасында 71 матч өткізіп, 22 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie