locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана конференция лигасының плей-офф іріктеу кезеңіне, Норвегияға ұшып келді

Футбол 20 там 2024 11:59
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Астана конференция лигасының плей-офф іріктеу кезеңіне, Норвегияға ұшып келді

Елордалық "Астана" Норвегияға, конференция лигасының іріктеу кезеңінің соңғы раундына ұшып келді. Sofascore порталы норвегиялық клубтың жеңісін 77% бағалайды, ал "Астананың" жеңісі 7% пайызды құрайды.

Қос команда ішкі чемпионаттағы ойындарын шегерді. Плей-офф раундының "Бранн" және "Астана" арасындағы кездесу 22 тамыз, Астана уақытымен 22:00 де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық клуб осыдан алдын КЛ іріктеу кезеңінде екі клубты жеңді. Елордалық клуб алдымен молдовалық "Милсамиді" жеңсе, одан кейін румыниялық "Хунедоараны" қапы қалдырды. 4 ойында "Астана" 10 гол соғып, 3 гол өткізді (3 жеңіс, 1 тең ойын). Оған қоса, елордалық клуб еурокубокте Қазақстанның намысын қорғап жатқан жалғыз клуб.