locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана Конференция лигасының 24/25 негізгі кезеңіне жолдама алды

Астана Конференция лигасының 24/25 негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық "Астана" қарымта кездесуде норвегиялық "Браннды" ойсырата жеңді.

Кездесудің бірінші таймы 0:0 есебімен аяқталды. Ойынның екінші жартысында Чинеду Джеффри есепті ашты. Негізгі уақыттың аяқталуына 10 минут қалғанда ол дубль авторы атанды, ал қосымша уақытта Рамазан Кәрімов есепті есейтті.

Осылайша, "Астана" қос ойынның жалпы есебі бойынша (3:2) негізгі кезеңге шықты.

Конференция лигасы 2024/25, іріктеу кезеңі, плей-офф

29 тамыз

Астана (Қазақстан) - Бранн (Норвегия) - 3:0 (0:0)
Голдар: Чинеду 61, Чинеду 81, Кәрімов 90+1.