locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Астана Конференци Лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі үшін қанша пайда тапты?

Астана Конференци Лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі үшін қанша пайда тапты?

Қазақстандық «Астана» футбол клубы Конференция Лигасының жалпы кезеңінде сербиялық «Бачка Топола» командасын 1:0 есебімен ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жеңіс голын матчтың 15-минутында Кипрас Казуколовас соқты. Бұл жеңіс үшін клуб 400 мың еуро табыс тапты, бұл 213,3 миллион теңгеге тең. Салыстыру үшін айта кетейік, турнирдің осы кезеңінде тең ойнау 133 мың еуро (шамамен 71 миллион теңге) әкеледі.

Сонымен қатар, «Астана» ағылшындық «Челси», португалиялық «Витория», уэльстік «Нью-Сейнтс» секілді клубтармен, сондай-ақ Кипрдің АПОЭЛ және Пафос командаларымен кездесуі керек.

Клубтың келесі ойыны 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні, сырт алаңда «Нью Сентс» командасына қарсы өтеді.