locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Астана Конферения Лигасындағы жорығын жеңіспен бастады

ФОТО: Астана

3 қазан күні Астана Конференциялар лигасының бірінші туры аясында өз алаңында сербиялық Бачка-Топола командасын қабылдады.

Казақстандық команда кездесудің 15-минутында гол соғып алға шықты, 23 жастағы литвалық қорғаушы Кипрас Кажуколовас Ян Вороговскийдің нәтижелі пасынан кейін балқандықтардың қақпасына дәл соққы жасап, есеп ашты.

Екінші таймда, матчтың соңына қарай, гвинеялық Усман Камара хорват ойыншысы Марин Томасовтың пасынан тағы бір гол соқты. Алайда, ВАР жүйесін қарағаннан кейін Қазақстандық команданың голы есепке алынбады.

Нәтижесінде, Астана 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Конференциялар лигасы.

Астана – Бачка-Топола – 1:0

Гол: Кажуколовас, 15.