Астана Челсимен матчқа билеттерге қатысты мәлімдеме жасады
Елордалық "Астана" лондондық “Челсимен” Конференция Лиганың негізгі кезеңіндегі ойынға билеттер сатылымының басталғанын хабарлады. Кездесу 12 желтоқсанда, Астана уақытымен 20:30-да Алматыда өтеді.
Астана сату барысында шектеулер болатынын ескертті. Мысалы, бір адамға төрт билеттен артық сатылмайды. Сонымен қатар, әрбір билетте сатып алушының мәліметтері болуы керек, сондықтан ойынға өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжатты алуыңыз қажет. Сондай-ақ QR коды бар электронды билеттер сатып алушыларға тек ойын күні жіберілетіні белгілі болды.
Матч “Астана Аренада” өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты өтпейді. 2024 жылдың жазында стадион Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына (ДКО) және Димаш Құдайбергеннің концертіне уақытша ашылған болатын.
Теннис
Бүгін 12:09
Теннис
Бүгін 11:50