locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана – Челси арасындағы ойыны қай жерде өтетіні белгілі болды

«Астана» - «Челси» арасындағы ойын Алматы қаласында өтеді.

УЕФА ресми сайтында «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтетінін хабарлады.

Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы кездесу 12 желтоқсанда Астана уақытымен 20:30-да басталады.

Еске сала кетейік, «Астана Арена» стадионында қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сондықтан елордалық клуб ойындарын Алматыда өткізуге мәжбүр.